Галерея

Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасында  «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді.Диктанттың мақсаты қызметкерлер арасында ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық  рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

WhatsApp_Image_2023-05-04_at_10.55.55.jpegWhatsApp_Image_2023-05-04_at_10.55.55_2.jpegWhatsApp_Image_2023-05-04_at_10.55.55_1.jpegWhatsApp_Image_2023-05-04_at_10.55.54.jpegWhatsApp_Image_2023-05-04_at_10.55.54_1.jpeg

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Сізге және сіздің жанұяңызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік пен ауызбіршілік, жұмысыңызға толағай табыс тілейміз!
Облыс көлемінде Денсаулық саябағында өткізілген шараға Денсаулық сақтау саласы мекемелері - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Қалалық емдеу мекемелерінің атынан мерекелік киіз үйлер құрылды. Жалпы халыққа жарқын көңілмен ұлттық тағамдар-Наурыз көже, бауырсақтар таратылды.
Жалпы білім беретін орта мектептер - халқымыздың рухани байлығын және қазақ салт-дәстүрлерін дәріптеп, келер ұрпағымызға үлгі алуға баулу мақсатында спорттық ойындар, концерттік бағдарламалар, көңілді шаралар өткізді.
Осы шараның ұйымдастырылуына белсенді қатысып, ағаш үй құрған мекеменің бірі - Облыстық клиникалық инфекиялық ауруханасы болды. Наурыз мейрамы ауызбіршілікпен, бірлікпен, бейбіт қатар өмір сүрумен бейнеленгені секілді аурухана қызметкерлері де ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен бас қосып, халыққа өз қызметтерін көрсетті.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!