АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Ақтөбе қаласында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Көктемгі тазалық іс-шараларына Облыстық жұқпалы ауру ауруханасы ұжымы да атсалысты.

Ауруханамыздың қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке шығып, аурухана ғимаратының маңайын қоқыстан тазартты. Талдардың түбін әктеп, ғимараттың шаңын тазалады. Мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта да жалғасады. Аурухана тазалығы – басшылық назарында.