- Подробности
-
Категория: Жаналық
-
Опубликовано: 01.07.2025 12:13
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 3
Жылы кезеңнің басталуымен ішек инфекцияларымен, соның ішінде энтеровируспен жұқтыру қаупі артады. Бұл вирустар асқорыту жолдарын, жүйке жүйесін, теріні және басқа ағзаларды зақымдауы мүмкін. Әсіресе 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар осал болып келеді, ал жұқтыру жағдайлары көбінесе балабақшаларда, мектептерде және лагерьлерде тіркеледі.
Энтеровирустың негізгі таралу жолдары:
— лас қол, су және тағам арқылы (нәжіс-ауыз жолы);
— жөтелу мен түшкіру кезіндегі ауа-тамшы жолы;
— вируспен ластанған ойыншықтар мен тұрмыстық заттар арқылы.
Вирустар су қоймаларында, кәріз суларында және түрлі беттерде ұзақ сақталады. Суыққа төзімді, алайда қайнатқанда, хлор және ультракүлгін сәуле әсерінен жойылады.
Мынадай ұсыныстар береміз:
Қолды сабынмен жиі жуу — әсіресе сырттан келгенде, дәретханадан кейін, тамақтанар алдында және балаға қараған соң.
Қолды жумай тұрып бетке тимеу.
Тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану.
Жемістер мен көкөністерді қауіпсіз сумен мұқият жуу.
Дезинфекциялық құралдармен ылғалды тазалық жүргізіп, бөлмені жиі желдету.
Тек рұқсат етілген, санитарлық бақылаудан өткен орындарда және бассейндерде шомылу, суды жұтып қоймауға тырысу.
Өзіңізде немесе балаңызда ауру белгілері байқалса, көпшілік орындарға бармау.
Дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бөртпе, құсу, іш өту сияқты алғашқы белгілерде дереу дәрігерге қаралу.
Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз — қарапайым ережелерді сақтау арқылы жазда жұқтыру қаупін төмендетуге болады.

- Подробности
-
Категория: Жаналық
-
Опубликовано: 06.02.2025 11:04
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 116
ШЖҚ «Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің бос лауазымына әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі:
1.Жанкулов Марат Хадрединович- ШЖҚ «Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің міндетін атқарушы.
2.Әңгімелесу өткізу кестесі 2025 жылғы 07 ақпан күні сағат 10.30-ға белгіленсін.
3.Байқау кеңесінің хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидатты кандидаттың телефоны арқылы хабардар етсін. Құжаттардың түп нұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, кандидат әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.