Персоналды аттестаттау: назарда — сапа мен қауіпсіздік!
- Подробности
- Категория: Жаналық
- Опубликовано: 01.07.2025 12:16
- Автор: Super User
- Просмотров: 4
2025 жылғы 18–20 маусым аралығында Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасында бас медбикенің және дәрігер-эпидемиологтың жылдық жұмыс жоспары аясында орта және кіші медицина қызметкерлерінің аттестаттауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-151 бұйрығына сәйкес, медициналық көмектің сапасын арттыру және инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету.
Медицина қызметкерлері негізгі бағыттар бойынша білім мен практикалық дағдыларын тексеруден өтті:
* қол гигиенасы;
* лауазымдық міндеттерді білу;
* анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсету;
* шұғыл жағдайлар кезінде кодтарды, жиынтықтарды және алгоритмдерді білу.
Мұндай іс-шаралар пациенттердің қауіпсіздігін нығайтуға, медицина қызметкерлерінің кәсіби өсуіне және үздіксіз жетілуге ұмтылуына ықпал етеді!