Балалар бөлімшесі

Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасының балалар бөлімшесі

Балалар бөлімшесі 55 керуетке арналған, оның ішінде 27- ішек ,28- вирустық.

Бөлімшеге көрсеткіші бойынша шұғыл жатқызуға жататын балалар келіп түседі.

Вирустық бөлімше 28 керуертке есептелген.Вирустық бөлімшеде 15 жасқа дейінгі балаларды жіті және созылмалы формадағы вирустық гепатит, ЖРВИ , тұмау ауруларынан емдейді. ЖРВИ вирустық гепатитіне, тұмауға диагностика жасау үшін ПЦР, ИФА диагностикасының әдістерін қолданады.

Ішек бөлімшесі 27-керуертке есептелген.Ішек бөлімшесінде балаларды жедел жіті ішек инфекциясынан, тамақтан токсикоинфекциядан, листериоздан, иерсиниоздан және бруцеллезден емдейді.

Инфекциялық патологиясы бар   науқастарға мамандырылған медициналық көмекті диагностикалық хаттамаға және кепілдік көлем шеңберіне сәйкес тегін медициналық көмек көрсетеді. Диагнозды анықтау үшін қажетті деген зертханалық аспаппен зерттеу әдістерін қолданады: бактериологиялық және биохимиялық анализдер, УДЗ, рентген зерттеулер және  т.б.

Бөлімшеде балаларға М.Оспанов атындағы БҚММУ –нің инфекциялық аурулар кафедрасының ассистентері және доценттері кеңес береді.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен (БДСҰ) бір қатар инфекциялық аурулар ,соның ішінде іш өту және ЖРВИ аурруларын диагностика мен емдеу жолдарын жақсарту мақсатында арнайы бағдарламалар жүзеге асыруда.Біздің ауруханада 2009 жылдан бастап 5 жасқа дейін балалар жасының ауруларын ықпалдастырып жүргізу туралы ғаламдық стратегия енгізіле бастады.Басты мақсаты -негізгі бес патология түрлері: ЖРВИ, тамақтанудың бұзылуы , қызылша, безгек және іш өту ауруларын кешенді емдеу стратегиясын қолдану арқылы балалар арасындағы ауру-сырқауды және бала өлімін азайту болып табылады. БЖАЫЖ стратегиясы бала жасындағы ауруларды қиындықтарды шешу жолдарын үш дәрежеде қарастырады: медициналық көмек көрсету жүйесін жақсарту ,медиктердің жұмысының сапасын көтеру, сонымен қатар бала денсаулығындағы сұрақтар бойынша тұрғындарды   жанұялық дағды мен тәжірибеде тәрбиелеу.

Бөлімшеде 3 дәрігер жұмыс жасайды:

.

  1. Миршавка И.В. бөлімше меңгерушісі ,жоғары дәрежелі дәрігер,еңбек өтіл-32 жыл.

Бөлімшеде 11 -медбике , 1 -қоже бике,9 -тазалықшы ,4 –ас таратушы.Жоғары дәрежелі медбикелер: КутановаМ.Б. Есенаманова Н.М. Даулетьярова Г.Т. Кистаубаева С.К,Бірінші дәрежелі медбикелер: Кутыбаева З.А.Елешова А. Неталина Г.Ж, Қалған медбикелері Космагамбетова С.К.Тасмагамбетова Л.Утешева А.С. Оразалы Н.А. маман сертификаттары бар.